Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі N 37/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қазанда N 8-4-248 тіркелді. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуын тоқтатады - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 4-15/1659 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуын тоқтатады - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 2012.09.14 N 4-15/1659 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" каулысын басшылыққа ала отырып, нысаналы топқа жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.К. Томпиева) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарындарын ұйымдастыру жүргізілсін.
      2. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі анықталсын:
      1) оқу орындарының түлектері;
      2) ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар;
      3) қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
      3. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.М. Тлеулесова) 2011 жылғы қалалық бюджетте және мақсатты республикалық трансферттерде қарастырылған қаражаттардан әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздарға еңбегі үшін төлемді қаржыландыруды қамтамассыз етсін.
      4. "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі Балқаш қаласы әкімдігінің N 29/03 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Молдабаева Бахит Кадыровнаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады