2012 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 13 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда N 8-4-260 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жастары 17 келетін азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды, тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді өткізсін.
      2. Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінің 1 қосымшасына сәйкес 1995 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
      3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақырылатын жасөспірімдер медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
      4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2012 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғапқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Қарағанды облысы Балқаш
      қалалық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      13 желтоқсан 2011 жыл
      _________________ Б.Бекмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады