Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 06.06.2017 № 18/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес және Сәтбаев қалалық жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың орташа тарифін белгілеу жөніндегі жұмыс комиссиясы отырысының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі хаттамасына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 40 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Қ.А. Шайжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | Б.Қ. Шыңғысов |
Келісілген
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
С.С. Имамбай |
2011 жылғы 23 қарашадағы