Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген Саран қаласының жерлерiне салықты есептеу үшiн базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы мәслихатының 41 сессиясының 2011 жылғы 10 қарашадағы N 646 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 желтоқсанда N 8-7-127 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 279 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 17.05.2018 № 279 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексінің 386 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген Саран қаласының жерлерiне салықты есептеу үшiн базалық ставканы ұлғайту мөлшерi және автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

В. Закамолкин

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


  Саран қалалық мәслихатының
2011 жылғы 10 қарашадағы
41 сессиясының N 646 шешiмiне қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген Саран қаласының жерлерiне салықты есептеу үшiн ұлғайған базалық ставка мөлшерін ескерумен автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары

N

Автотұрақтардың (паркингтiң) типтерi

Автотұрақтардың (паркингтiң) санаты

Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның iргесiндегi құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, Саран қаласының жерлерiне бiр шаршы метр үшiн салынатын базалық салық ставкалары (теңге)

Базалық ставканың ұлғайту мөлшерi

Ұлғаю мөлшерiн есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген Саран қаласының жерлерiне базалық салық ставкасы

1

Ашық, жабық түрдегі автотұрақтар

1

8,2

10

82

2

Басқа мақсаттағы ғимараттарға қосылып салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар

2

8,2

9

73,8

3

Ғимараттардың астында, жертөлелерде, үй қабырғасының төменгі бөліктерінде немесе астыңғы қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3

8,2

8

65,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады