Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың мөлшерлеме көлемінің базалық мөлшерлемесі ұлғайтыла отырып белгіленсін.
3. Шахтинск аймағына жататын автотұрақтар (паркингтер), автомомобилге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын жатқан елді мекен болып Шахтинск қаласы белгіленсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы | А. Калыков |
Шахтинск қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Сатова |
КЕЛІСІЛДІ | |
Шахтинск қаласы бойынша | |
Салық басқармасының | |
бастығы | С. Рахимова |
Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы XXXVII сессиясының N 739/37 шешіміне 1 қосымша |
Шахтинск аймағы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаты
Р/с N | Автотұрақтардың түрлерi | Санаттары |
1 | Жер үстiндегi жабық типті автотұрақтар, ашық типті автотұрақтар. Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттардың iшiне салынған автотұрақтар. | 1 санат |
2 | Ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар | 2 санат |
Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы XXXVII сессиясының N 739/37 шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын салық мөлшерлемесінің санатына қарай мөлшерi
Р/с N | Автотұрақтардың санаты | Мөлшерлемелер |
1 | 1 санат | 10 есе |
2 | 2 санат | 9 есе |