Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 42 сессиясының 2011.12.12 N 42/502 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, (одан әрі-Ереже) Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы 34 кезекті сессиясының "2011 жылға арналған Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" N 34/406 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2011 жылғы 19 сәуірде N 8-9-106 болып тіркелген, "Абай–Ақиқат" аудандық газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі N 17 (3868) болып жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтағы "алты жүз отыз есептік" сөзі "бір мың бес жүз есептік" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оларды алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы Р. Мұсағалиев
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
"КЕЛІСІЛДІ"
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б. Муталяпова
2011 ж. 06.09