2011 жылға арналған Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 34 сессиясының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 34/406 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 сәуірде N 8-9-106 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 42 сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 42/502 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 42 сессиясының 2011.12.12 N 42/502 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, (одан әрі - Ереже) Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы өтініш беру кезінде жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада берілсін.
      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш беру кезінде бір мың бес жүз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, маманмен мәлімделген сомадағы бюджеттік кредит түрінде берілсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2011.09.06 N 37/450 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді) шешімімен.
      3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды бекітілген Ережелерге сәйкес қолдансын.
      4. Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" N 21/258 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2010 жылғы 7 сәуірде N 8-9-79 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 17 (3814) санында жарияланған).
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және аграрлық реформа, бюджеттік сала және кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Г.Т. Бахраева).
      6. Осы шешім оларды алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы,
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б. Муталяпова
      28.03.2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады