Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 08.11.2017 № 45/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 22 тамыздағы N 02-1-2/147 ұсынысы негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бруцеллезбен ұсақ мүйізді малдың ауруына байланысты Көксу ауылдық округіндегі Зеленые ключи ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Д. Санаубаров) бруцеллезбен ауыратын жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу мақсатында қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын Абай ауданы әкімінің орынбасары М.А. Бимағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |