2011 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 38 сессиясының 2011 жылғы 10 қарашадағы N 360 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 желтоқсанда N 8-10-138 тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2011 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін өтініш берген сәтіне, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.

      2. Осы шешімді іске асыру бойынша "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Н. Болғанбаев) шаралар қабылдасын.

      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы,


аудандық мәслихат хатшысы

М. Оңғарқұлов

КЕЛІСІЛДІ


Актоғай ауданының экономика


және бюджеттік жоспарлау бөлімінің


бастығы

К.Н. Болғанбаев


      2011 жылғы 10 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады