Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға ықпал жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жұмыс орындарына берілген квотаға мүгедектердің жұмысқа орналасуына ықпал жасасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш. Мамалинов