2011 жылға интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 16/03 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 шілдеде N 8-11-120 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квотасы белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге жұмыс орындарына берілген квотаға интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал жасасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады