Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 49 сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 қаңтарда N 8-11-130 тіркелді. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2012.06.09 N 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2012 жылы ұсынылсын.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2012.06.09 N 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


мәслихат хатшысы

А. Жүніспеков

КЕЛІСІЛДІ:


"Бұқар жырау ауданы


экономика және


бюджеттік жоспарлау бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

А.М. Нүркенова


      2011 жылғы 12 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады