Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы 49 сессиясының "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы" N 5 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 4 сессиясының 2012 жылғы 9 маусымдағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 маусымда N 8-11-138 тіркелді. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы 49 сессиясының "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы" N 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 8-11-130 болып тіркелген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 2 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбындағы және 1 тармақтағы "және спорт" деген сөздер ", спорт және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 тармақ "сатып алу" деген сөзден кейін "немесе салу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Айтбаева
      Мәслихат хатшысы А. Жүніспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады