Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.11.15 N 41/353 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне N 8-12-80 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі N 51 (9406) санында жарияланған), Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы XXXI сессиясының N 31/272 "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне N 8-12-102 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 3-4 (9430) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 18 тармағында "алу құқынан айрылады" сөздері "ала алмайды" сөздерімен ауыстырылсын;
2) Ереженің 21 тармағында "етуге міндетті" сөздері "етуі қажет" сөздерімен ауыстырылсын;
3) Ереженің 28 тармағында үшінші, төртінші, бесінші абзацтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1) салық төлеушінің тіркеу номері;
2) әлеуметтік жеке коды;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шоты.";
4) Ереженің 37, 38 тармақтарында абзацтардың басында "-" белгілері алынып тасталсын;
5) Ереженің 60 тармағының он бесінші абзацында ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезекті
XXXV сессиясының төрағасы Ә. Сәрсембеков
Аудандық Мәслихат хатшысы Д. Жұмасейітов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Ибраева
2011 жылғы 28 маусым