Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 323 қаулысы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 желтоқсанда N 8-12-118 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (Қ. Жахметов – келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа аудан әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 қарашадағы
N 323 қаулысына 1 қосымша

Жаңаарқа ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуге арналған үй–жайлардың мекенжайлары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 23.11.2020 № 129/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үй-жайлардың мекенжайы

Жалпы орны

1.

Жаңаарқа кенті

"Бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы "Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, А.Оспанова көшесі, 43

80 орын

2.

Қызылжар кенті

Мәдениет үйінің акт залы, 40 лет Победы көшесі, 22

40 орын

3.

Айнабулақ ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 11

50 орын

4.

Ақтау ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Жеңіс көшесі, 5

150 орын

5.

Ынтымақ ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Саябақ көшесі, 11

120 орын

6.

Орынбай ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Мектеп көшесі 7

150 орын

7.

Ералиев ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Орталық көшесі, 13

150 орын

8.

Атасу ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Достық көшесі, 1

110 орын

9.

Талдыбұлақ ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 46

60 орын

10.

Бидайық ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Жеңіс көшесі, 15

40 орын

11.

Қараағаш ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Төлебай сал көшесі, 1

160 орын

12.

Түгіскен ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Ы.Жумабеков атындағы көшесі, 49

150 орын

13.

М.Жұмажанов ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Тәуелсіздік көшесі, 1а

120 орын

14.

Ақтүбек ауылы

Мәдениет үйінің акт залы, Бәйтерек көшесі, 1

120 орын

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 қарашадағы
N 323 қаулысына 2 қосымша

Жаңаарқа ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 23.11.2020 № 129/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1.

Жаңаарқа кенті

Телекоммуникация ғимараты алдындағы ақпараттық қалқан, Тәуелсіздік даңғылы, 22

2.

Жаңаарқа кенті

"Диана" кафесі жанындағы жарнамалық қалқан, Абай көшесі, 75 А

3.

Жаңаарқа кенті

Өрт сөндіру бекетінің алдындағы жарнамалық қалқан, С.Сейфуллин даңғылы, 4

4.

Жаңаарқа кенті

"Ғ. Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жамбыл көшесі, 18

5.

Жаңаарқа кенті

"Аяжан" дүкенінің жанындағы ақпараттық қалқан, С.Сейфуллин даңғылы, 35

6.

Қызылжар кенті

Фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқан, 40 лет Победы көшесі, 7

7.

Айнабұлақ ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 11

8.

Ақтүбек ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Бәйтерек көшесі, 1

9.

Ақтау ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жеңіс көшесі, 5

10.

М.Жумажанов ауылы

"Мирас" дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, С.Сейфуллин көшесі, 7

11.

Атасу ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі, 1

12.

Бидайық ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан,Жеңіс көшесі, 15

13.

Ералиев ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Орталық көшесі, 13

14.

Талдыбұлақ ауылы

Жеке кәсіпкер А.Апиеваның дүкенінің жанындағы жарнамалық қалқан, Достық көшесі, 5/1

15.

Түгіскен ауылы

Ауылдық клуб ғимараты жанындағы ақпараттық қалқан, Ы.Жумабеков көшесі, 49

16.

Қараағаш ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Төлебай сал көшесі, 1

17.

Орынбай ауылы

Ауылдық клуб ғимараты жанындағы ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі, 7

18.

Ынтымақ ауылы

Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Саябақ көшесі, 11



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады