"Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер - жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі N 231 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 тамызда N 8-13-102 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 170 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне - N 8-13-99 болып тіркелген, "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 9 шілдедегі N 53-54 (10969) сандарында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
       1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
       "1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіби және техникалық орта білімнен кейінгі, жоғары оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бітіруші, жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;";
       1 тармақтың 3) тармақшасындағы "трансферт" деген сөзден кейін "және аудандық бюджет" деген сөздермен толықтырылсын;
       2 тармақтағы "жалпы трансферт сомасынан" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкiмi
К. Максутов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады