Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 28/01 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара және ұсақ малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Черниговское селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесiн бекiту туралы" N 367 бұйрығымен бекітілген Жеке және Заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларының Ережесiнің 7 тармағымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда N 2088 тіркелді) көзделген талаптарына сәйкес ірі қара және ұсақ мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Нұра ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөліміне жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақтың ветеринария-санитарлық салауаттылығына жету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы" N 632 бұйрығымен (бұдан әрі-Бұйрық) бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 9 желтоқсанда N 3252 тіркелді) көрсетілген қажет ветеринарлық-санитарлық шараларды өткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Әрінов Еркін Пшенбайұлына (келісім бойынша) Бұйрықпен бекітілген жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің 9 тарауында көзделген шектеулі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байдолла Қараұлы Шайжановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушысы Д. Мақсұтов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
Е.П. Әрінов
28.04.2011 жыл