2011 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 10/12 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 маусымда N 8-14-147 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 28/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 28/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша санаттары белгіленсін:
      1) зейнеталды жастағы тұлғалар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жылдан аса).
      2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады