2011 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 332 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 наурызда N 8-15-137 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 419, 422 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2011 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (И.М. Шакирбеков).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Л. Павлова

Хатшы

К. Саккулаков


  2011 жылғы 18 ақпандағы
Осакаров аудандық мәслихатының
43 сессиясының 332 шешіміне
қосымша

2011 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген салық ставкалары

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы

1 объектіге салық ставкасы АЕК* 1 айда

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3


      *АЕК – айлық есептік көрсеткіші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады