Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 23.04.2013 № 2-43/68 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 419,422 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (И.М. Шакирбеков).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Чолокиди
Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков
2011 жылғы 14 қарашадағы
Осакаров аудандық мәслихатының
54 сессиясының N 425 шешіміне
қосымша
2012 жылға кәсіпкерлік қызметтің
жекелеген түрлеріне арналған тіркелген салық ставкалары
N р/с |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір объектіге салық ставкасы айлық есептік көрсеткіште 1 айда |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |