Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 23.04.2013 № 2-43/68 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға қызметі дүркін – дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға арналған біржолғы талонның құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (И.М. Шакирбеков).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Чолокиди
Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков
2011 жылғы 14 қарашадағы
Осакаров аудандық мәслихатының
54 сессиясының N 424 шешіміне
қосымша
2012 жылға қызметі дүркін - дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға арналған біржолғы талондардың құны
N р/с |
Біржолғы талон негізінде кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Айлық есептік көрсеткіштен пайызмен біржолғы талондардың күндік құны |
1. |
Бақша дақылдарын сату* |
13 |
2. |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату* |
10 |
3. |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату* |
4 |
4. |
Газеттер мен журналдар сату* |
7 |
5. |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) сату* |
10 |
6. |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
24 |
7. |
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату* |
10 |
8. |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
3 |
9. |
Сыпыртқылар, сыпырғылар сату* |
4 |
10. |
Орман жидегін сату* |
4 |
11. |
Бал сату* |
10 |
12. |
Саңырауқұлақ сату* |
4 |
13. |
Балық сату* |
7 |
*Сату (стационарлық үй–жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)