Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 25.06.2014 XXХIV сессиясының № 34/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедектер;
4) мүгедек балалар.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін (Жолдас Б.Қ.).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Е. Омаров
КЕЛІСІЛДІ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
__________________ Б. Битин
"____"____________ 2011 жыл.