Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 1072 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 06 мамырда N 10-1-176 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 3547 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.04.27 N 3547 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 баптың 1 тармағының 14) тармақшасы, 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 56 баптары, 9 баптың 123 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 88-1 тармақшаларына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем беру мақсатында Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) соғысқа қатысушылардың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) және концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он  сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға  үйлерін газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде берілсін.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы П.Сыздықов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.Жәлиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІНІҢ
      МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ                        Е.ТӨРАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады