Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.01.24 N 3005 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 13), 14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 1, 5, 8баптарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жоғарғы оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің кәсіби мамандыққа диплом алған түлектердің біліктілігіне сәйкес жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
2. Жұмыспен қамту төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
1) диплом алған жұмыссыз жастар "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2) қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектерді ұсынылған жұмыс орындарына жіберілуі;
3) түлектің жасы 29 жасқа дейін болуы;
4) жұмыспен қамту органы және жастар практикасына жіберілетін түлек жастар практикасын өту туралы екі жақты шарт жасалуы.
3. Еңбек шартын жасасу мерзімі 6 айға дейін.
4. Диплом алған жұмыссыз жастардың тәжірибесі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын бизнес кәсіпорындарында ұйымдастырылады.
5. Қатысушылардың еңбегін төлеу республикалық бюджеттен 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде қаржыны олардың дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Жастар практикасының қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама қолданады.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ М. ЖАЙЫМБЕТОВ