Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 31.05.2013 N 144 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданда жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсін.
2. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Жалғасбай) мүгедектерді квота есебінен жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу және мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға шаралар қабылдау тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Г.Нармағамбетоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ А. КӨШЕРБАЙ