Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 56 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына бес процент мөлшерінде квота белгіленсін.
3. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4376 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтарда "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) N 368 қаулысының және 2011 жылғы 14 наурыздағы "ауданда мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-145 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 сәуірде "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) N 81 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А. Алдажаровқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жаханов |