Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012.12.11 N 356 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының Мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне және мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 18 қарашадағы кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне және мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" N 323 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІІ
сессиясының төрағасы Т. Әбдіқадыров
Аудандық Мәслихат хатшысы Т. Бөріқұлақов