Ақай ауылдық округінің Ақай елді мекеніндегі көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі N 350 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 19 қазанда N 10-5-167 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ақай ауылдық округінің Ақай елді мекеніндегі Қорқыт ата, Бейбітшілік және Балғынбаев көшелері жанында орналасқан тұйықтарға "Қорқыт ата", "Бейбітшілік" және "Балғынбаев" атаулары берілсін.
      2. Ақай ауылдық округінің Ақай елді мекеніндегі "Крайний" әуежайына баратын жолдың екі жағында орналасқан көшелерге "Байқоңыр", "Қармақшы", "Қызылорда", "Астана", "Сырдария", "Бәйтерек", "Достық", "Дүр Оңғар" атаулары берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауыл әкімінің бас маманы
Қазиева Эльмира Ордабайқызына жүктелсін.
      4. Шешім алгаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ақай ауылдық
      округінің әкімі                               Байшораева Р.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады