Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы N 64 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 17 наурызда N 10-6-182 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы N 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012.01.17 N 18 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ету мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Жалағаш кенті және ауылдық округі әкімдері белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                    Қ. Бекенов

      2011 жылғы "01" наурыздағы
      N 64 Жалағаш ауданы әкімдігінің
      қаулысына қосымша

       Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

N Сайлау учаскесі Елді мекендер атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1 2 3 4

1.

N 117 сайлау учаскесі

Жалағаш кенті

"Әділет" базарының алдында орналасқан аумақ

2.

N 118 сайлау учаскесі

Жалағаш кенті

Орталық стадион алдында орналасқан аумақ

3.

N 119 сайлау учаскесі

Жалағаш кенті

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан аумақ

4.

N 120 сайлау учаскесі

Жалағаш кенті

"N 202 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан аумақ

5.

N 310 сайлау учаскесі

Жалағаш кенті

"Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан аумақ

6.

N 121 сайлау учаскесі

Ақсу ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының алдында орналасқан аумақ

7.

N 122 сайлау учаскесі

Шаменов ауылдық округі

Ауылдық Мәдениет үйі алдында орналасқан аумақ

8.

N 123 сайлау учаскесі

Қаракеткен ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан аумақ

9.

N 124 сайлау учаскесі

Далдабай ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан аумақ

10.

N 125 сайлау учаскесі

Бұқарбай батыр ауылдық округі

Бұқарбай батыр және Абай көшелерінің қиылысында орналасқан аумақ

11.

N 319 сайлау учаскесі

Бұқарбай батыр ауылдық округі

Бұқарбай батыр көшесінің бойында орналасқан сквер алаңы

12.

N 126 сайлау учаскесі

Таң ауылдық округі

"Таң" ЖШС-і ғимаратының жанында орналасқан аумақ

13.

N 127 сайлау учаскесі

Мақпалкөл ауылдық округі

Ауылдық Мәдениет үйі жанында орналасқан аумақ

14.

N 320 сайлау учаскесі

Мақпалкөл ауылдық округі

Ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанында орналасқан аумақ

15.

N 128 сайлау учаскесі

Жаңаталап ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының алдында орналасқан аумақ

16.

N 129 сайлау учаскесі

Мәдениет ауылдық округі

Мектеп және Қабылов көшелерінің қиылысында орналасқан аумақ

17.

N 321 сайлау учаскесі

Мәдениет ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының алдында орналасқан аумақ

18.

N 311 сайлау учаскесі

Аққолқа ауылы

Ауылдық медициналық пункт ғимаратының алдында орналасқан аумақ

19.

N 130 сайлау учаскесі

Мырзабай ахун ауылдық округі

Ауылдық амбулаториялық пункт ғимаратының жанында орналасқан аумақ

20.

N 131 сайлау учаскесі

Аққыр ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының алдында орналасқан аумақ

21.

N 132 сайлау учаскесі

Аққұм ауылдық округі

Ауылдық байланыс бөлімшесі ғимаратының алдында орналасқан аумақ

22.

N 322 сайлау учаскесі

Аққұм ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан аумақ

23.

N 133 сайлау учаскесі

Еңбек ауылдық округі

Ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының жанында орналасқан аумақ

24.

N 134 сайлау учаскесі

Аламесек ауылдық округі

Бостандық және Аламесек көшелерінің қиылысында орналасқан аумақ

25.

N 323 сайлау учаскесі

Аламесек ауылдық округі

Ауылдық байланыс бөлімшесі ғимаратының жанында орналасқан аумақ

26.

N 135 сайлау учаскесі

Жаңадария ауылдық округі

Ауылдық клуб ғимаратының жанында орналасқан аумақ

       "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" Жалағаш ауданының әкімдігі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағында жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілейді және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастырады делінген.
      Осыған орай, 2011 жылғы 3 сәуір күні өткізілетін Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлау барысында барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ету мақсатында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, осы белгіленген үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары басқа да өткізілетін сайлау барысында қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады