Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 144 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 05 мамырда N 10-4-186 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы N 203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы N 203 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және "2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 261 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 16 наурыздағы N 278 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 наурызда N 4266 тіркелген) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға облыстық бюджет есебінен біржолғы материалдық көмек көрсету мынадай мөлшерде жүзеге асырылсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне біржолғы материалдық көмекке 66 000 теңге;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдары- мен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке 25 000 теңге;
      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 25 090 теңге 50 тиын.
      2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Баймаханова) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                         Б. ТАСЫБАЙ  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады