Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 мамырдағы N 1100 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 30 мамырда N 10-7-141 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 мамырдағы N 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 14.05.2013 N 349 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы мен "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес және әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағында орналасқан барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарда және ұйымдарда:
      1) жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде
мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
      2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 5 пайызы мөлшеріндегі квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.07.13 N 110 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ауанов) жұмысқа орналасу үшін өтініш, берген мүгедектердің, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың осы белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа жолдануын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.07.13 N 110 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                     Б. Еламанов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады