Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 16 тамыздағы N 363 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 24 тамызда N 10-8-152 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 маусымдағы N 238 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012.06.19 N 238 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарда бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарында квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

С. Тауипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады