Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 30.04.2014 N 236 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабын басшылыққа ала отырып Сырдария аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕМІЗ және Сырдария аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. "Тереңөзек кенті шекарасын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы аудан әкімдігінің N 545 Қаулысына және аудандық мәслихаттың N 104 Шешіміне (Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 қарашада мемлекеттік тіркеу N 10-8-76, "Тіршілік тынысы" газетінің 2008 жылғы 03 желтоқсандағы N 96 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
Аталған қаулы мен шешімнің бірінші абзацындағы "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ қолданысқа жарияланған күннен бастап енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тауипбаев
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХХІІІ сессиясының төрағасы Р. Есенов
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев