Ескерту. Күші жойылды Ақтау қаласының әкімдігінің 2012.07.31 № 576 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 964 "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан Ақтау қаласының кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К.Айтбатырова) квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға жолдаманы қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т.Елтизаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О. Қазақбаев
КЕЛІСІЛДІ»:
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
ММ - нің бастығы
К.М. Айтбатырова
18 ақпан 2011 жыл