"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 08 маусымдағы № 631 Қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 08 шілдеде № 11-1-159 тіркелді. Күші жойылды Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 366 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды Ақтау қаласы әкімдігінің 2012.06.06 № 366 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, жұмыссыз жастарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесін өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай - жұмыс берушілер) тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері (әрі қарай - түлектер) үшін жұмыс берушілерде жастар тәжірибесін ұйымдастырсын.

      3. Уәкілетті орган түлектерді іріктеу кезінде төмендегідей өлшемдерді ескерсін:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте түлектердің жұмыссыз ретінде тіркелгендігін;

      2) іріктеу кезінде түлектердің мамандығына сәйкес жұмыстың болмауын;

      3) түлектің жасы 29 жасқа дейін болуын.

      4. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс беруші мен жастар тәжірибесін өтіп жатқан түлектер арасында жасалған еңбек шартымен қарастырылады.

      5. Жастар тәжірибесі алты ай мерзімге ұйымдастырылады және орташа айлық төлем мөлшері 26 000 (жиырма алты мың) теңгені құрайды.

      6. Жастар тәжірибесі республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылады.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі О. Қазақбаев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақтау қалалық жұмыспен

      қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі"

      ММ - нің бастығы

      К.М. Айтбатырова

      08 маусым 2011 жыл

      "Ақтау қалалық экономика және

      бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      ММ - нің бастығы

      А.Н. Ким

      08 маусым 2011 жыл

  Ақтау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 06 маусымдағы
№ 631 қаулысына қосымша

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесін өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушілердің тізбесі

Жұмыс берушілердің аты

Жолда-

натын

жұмыс-

сыздар

саны

(адам)

Жұмыс мер-

зімі

(ай)

Жұмыс түрі, көлемі

Бір адамға

төлене-тін

орташа төлем

мөлшері,(теңге)

Қаржыла-ндыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

"Қаражанбасмұнай"акционерлік қоғамы

8

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

2

"Бозашы Оперейтинг ЛТД" компаниясының филиалы

1

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

3

"Қазпошта"

акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы

5

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

4

"ҚарақұдықМұнай"

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

5

"ҚазАзот"

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

6

"Карпэт Транспортэйшн"

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

7

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-

Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

8

"Арман" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

9

"АрғымақТранс-

Сервис"

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

10

"Тұлпармұнай-

сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

11

"Республика"

жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Ақтау қаласы және Маңғыстау облысы бойынша Агенттігі

5

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

12

"Кудайбердиева А.К." жеке кәсіпкер

1

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет

13

"АЛЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20

6

келісімге сай

26 000

Респуб-

ликалық бюджет


Барлығы

81






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады