"Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы" Жаңаөзен қала әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жаңаөзен қала әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 142 Қаулысы. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде № 11-2-165 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және 2010 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік көмектер жүйесін ретке келтіру туралы» тапсырмасына сәйкес, Жаңаөзен қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы» Жаңаөзен қала әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 645 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-79 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 4 маусымдағы № 23 /1358/ «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде «және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылы 28 ақпандағы № 164 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
      1 - тармақта «1 - қосымшаға» деген сөз «қосымшаға» деген сөзбен өзгертілсін;
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Сарбөпеев

2011 жылғы 28 наурызда № 142
Жаңаөзен қала әкімдігінің қаулысына
қосымша

Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекеленген түрлері

Әлеуметтік көмектің
түрлері

Азаматтардың санаттары

Әлеуметтік көмектің  шекті
мөлшері

Мерзімді-
лігі

1

Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін берілетін біржолғы материалдық көмек

Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік  сала мамандарына

12,1 мың теңге

Жыл сайын

2

Тұрғын үй көмегі

Мүжәлсіз отбасылары, кіріс көзіне байланысты

Мұқтаждығына қарай

Ай сайын

3

Ай сайынғы әлеуметтік көмек

Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақы алушылар

1 АЕК

Ай сайын

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдем ақы алушылар

1 АЕК

Ай сайын

4

Азамттардың өтініш арыздары бойынша берілетін бір жолғы материалдық көмек

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде

Жыл сайын

5

9 Мамыр Жеңіс күні мерекесі құрметіне  берілетін әлеуметтік көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100,0 мың теңге

Жыл сайын

Жеңілдіктер мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

60,0 мың теңге

Жыл сайын

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар

50,0 мың теңге

Жыл сайын



Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған  жесірлеріне

40,0 мың теңге

Жыл сайын



Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметті үшін орден, медальдарімен  марапатталған және 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметті үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдар

20,0 мың

Жыл сайын



1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар

20,0 мың

Жыл сайын



Ұлы отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендердің басқа да санаттары (Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа)

10,0 мың теңге

Жыл сайын

6

Конституция күні мерекесі құрметіне берілетін әлеуметтік көмек

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар

2 АЕК

Жыл сайын

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

60 АЕК

Жыл сайын

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

36 АЕК

Жыл сайын

Аудандар мен қалалардың Құрметті азаматтары

10АЕК

Жыл сайын

7

Дүние жүзілік мүгедектер күніне берілетін әлеуметтік көмек

Барлық топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2 АЕК

Жыл сайын

8

Дүние жүзілік қарттар күні күніне берілетін әлеуметтік көмек

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2 АЕК

Жыл сайын

9

Жоғарғы оқу орнындағы оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек

Облыс әкімінің гранты негізінде білім алушы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттер

Оқу ақысы және ай сайынғы стипендия

Оқу ақысы – жыл сайын, стипендия

ай сайын

10

Үйден оқып және тәрбиелене-
тін бала кезден мүгедек балаларға әлеуметтік көмек

Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балалар

5 АЕК

Ай сайын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады