Барлық кандидаттардың сайлаушыларымен кездесуі үшін шарттық негізде үй - жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 тамыздағы № 439 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 09 тамызда № 11-2-169 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 8 желтоқсандағы 2011 жылғы № 737 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 08.12.2011 № 737 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан

      Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының

      28-бабының 4 және 6 - тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ

      ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары Жаңаөзен қаласы мен Теңге, Қызылсай ауылдарында 1 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар 2 - қосымшаға сәйкес берілсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж. Айсабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

О. Сарбөпеев


      Келісілді:

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Б. Базылов

      02 тамыз 2011 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 02 тамыздағы
№ 439 қаулысына
1 - қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Жаңаөзен қаласы бойынша:

      1) Маңғыстау көшесі, "Өркен" шағынауданындағы № 20 үйінің сол жағынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      2) Сатпаев көшесі, "Тәуелсіздік" алаңының алдынан 20 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      3) Сатпаев көшесі, "Шаңырақ" шағынауданындағы № 27 үйінің сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      4) Қосқұлақов көшесі, "Самал" шағынауданындағы № 11/26 үйінің көше жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      5) Бейбітшілік көшесі, "Мұнайшы" мәдениет үйі ғимаратының сол жағынан 30 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      6) "Ақсу" шағынауданындағы № 18 орта мектебінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта;

      7) Қалалық перзентхана ғимаратының сол жағынан 20 метр қашықтықта орналасқан тұрғылық.

Теңге ауылы бойынша:

      1) Марабаев даңғылы, "Болашақ" дүкенінің алдынан 40 метр қашықтықта орналасқан тақта.

Қызылсай ауылы бойынша:

      1) № 4 орта мектебінің алдынан 200 метр қашықтықта орналасқан тақта.

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 02 тамыздағы
№ 439 қаулысына
2 - қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй - жайлар

      1. Жаңаөзен қаласы – қалалық оқушылар шығармашылық үйінің мәжіліс залы, "Мұнайшы" мәдениет үйінің концерт залы.

      2. Теңге аулы – № 17 орта мектептің мәжіліс залы.

      3. Қызылсай аулы – № 4 орта мектептің мәжіліс залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады