Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурызындағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-151 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 2 ақпандағы № 5/1496/ «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
«Жұмыспен қамту 2020 шеңберіндегі Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық мекемелердің тізбесі және еңбекақы мөлшері» 3 - қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Боранбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі О.Сарбөпеев
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 949 қаулысына 3 - қосымша
Жұмыспен қамту 2020 шеңберінде халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық мекемелердің тізбесі және еңбекақы мөлшері
№ |
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тізімі |
Әлеуметтік жұмыс орны (адам) |
Жұмыс түрлері, көлемі және мерзімі |
Қаржыландыру көздері мен еңбекақы мөлшері |
|
Айлық еңбекақы мөлшері (теңге) |
Республикалық бюджеттен өтемақы (теңге) |
||||
1 |
«Жаңаөзен политехника-лық колледжі» жауапкерші- |
1 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
2 |
«Тулпар курлыс фирмасы» жауапкерші- |
7 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
3 |
Жеке кәсіпкер «Айтанов Олжас Есенбайұлы» |
4 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
4 |
«Темир-Н» жауапкерші- |
6 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
5 |
«Батша Куан» жауапкерші- |
1 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
6 |
«Жанарыс» жауапкерші- |
1 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
7 |
«Бейбарыс- |
4 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
8 |
«Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
4 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
9 |
«KUNAN HOLDING» жауапкерші- |
2 |
Келісімге сай |
Келісімге сай |
26000 |
Барлығы |
30 |