Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 09 қыркүйектегі № 111 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 қазанда № 11-3-125 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 17.05.2017 № 94 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес селолар, селолық округтерде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгіленсін.

      2. Селолар, селолық округ әкімдеріне селолар, селолық округтерде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ.Әбілшеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      К.Аймағамбет

      09 қыркүйек 2011 жыл

  Бейнеу ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 111 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Бейнеу селосы - Гимназия, халықтық банк филиалы, орталық

       аудандық аурухана ғимараттарының жанында

      Боранқұл селосы - орталық базар, емхана ғимаратының жанында

      Есет селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты ғимаратының

       жанында

      Сарға селосы - селолық мәдениет үйінің ғимаратының жанында

      Тұрыш селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Сам селосы - селолық почта бөлімшесінің ғимаратының

       жанында

      Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында

      Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының

       жанында

      Тәжен селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының

       жанында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады