Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Қарақия ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 39 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 мамырда № 11-4-117 тіркелді. Күші жойылды - Қарақия ауданы әкімінің 2011 жылғы 07 қазандағы № 92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарақия ауданы әкімінің 2011.10.07 № 92(алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 - бабының талаптары сақтала отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлаушыларға хабардар етілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.К.Абиловке жүктелсін.
      4. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ә.Дауылбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Аудандық сайлау комиссиясының
      төрағасы
      Ә.Ермұханов
      25 сәуір 2011 жыл

Қарақия ауданы әкімінің
25 сәуірдегі 2011 жылғы
№ 39 шешіміне
қосымша

Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері:

№ 97 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық селосы, мәдениет үйі.
      Шекарасы: 1 шағын аудан; 2 шағын ауданның № 4 - 47 үйлері; 3 шағын аудан; С.Датұлы көшесі; Қ.Сүйеуов көшесі; Ардагер көшесі; Карьер ауылы.

№ 98 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық селосы, № 9 орта мектеп.
      Шекарасы: 2 - шағын ауданның 49 - 55 үйлері; 3 «а» шағын аудан; 4, 5, 9, 10, 13, 14, шағын аудандар; Сәтпаев көшесінің № 16, 18 - 19, 22 - 38 үйлері; Маметова көшесінің № 15 - 34, 36, 38 - 42, 44 - 48 үйлері; Т.Алиев көшесінің № 4 - 20, 22 - 28, 30, 31 - 37, 39 - 44 үйлері; Жангельдин көшесінің № 16 - 18, 20 - 28 а үйлері; Геологтар көшесі (Массив); Сәлімжан көшесінің № 4 - 16, 18 - 28, 29 - 37, 38 а үйлері; Абай көшесі; Ш.Уәлиханов көшесі.

№ 99 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық селосы, № 6 орта мектеп.
      Шекарасы: «Жолаушылар» массиві; Сәтпаев көшесінің № 1 - 14 а үйлері; Жангельдин көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 14 а үйлері; Маметова көшесінің № 1-7,10-14а үйлері; Т.Алиев көшесінің № 8, 10, 12, 14, 14 а үйлері; Автобаза ауылы; Қазақ ауылы; Авиатор көшесі; Дорожник көшесі; Сельхоз ауылы; Подстанция; Жыланды қыстақтары, № 2018 әскери бөлімінің «Жыланды» шекарашылар заставасы, «Песчаный», «Жыланды» техникалық бақылау бекеттері және «Ерсай» жұмысшылар қалашығы.

№ 100 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ералиев станциясы, № 2 бастауыш мектеп.
      Шекарасы: Ералиев станциясы; қазақ ауылы; «Маңғыстау жері» ауылы.

№ 101 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы кенті, № 5 орта мектеп.
      Шекарасы: «Теміржолшы» шағын ауданы, «Ардагер» шағын ауданы «Арман» шағын ауданы; «Көктем» шағын ауданы;«Бәйтерек» шағын ауданы; Қазақ ауылы; Шұкырой, Асар, Шынжыр - 1, Шынжыр - 2, Қонайқора, Бисенбай, Тасболат, Кожабай қора қыстақтарындағы үйлер.

№ 102 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы кенті, № 7 орта мектеп.
      Шекарасы: «Салтанат» шағын ауданы; «Жаңақұрылыс» шағын ауданы; «Акбөбек-1» шағын ауданы; «Акбөбек - 2» шағын ауданы «Мұрагер» шағын ауданы; «Жаңақұрылыс - 2» шағын ауданы; «ВПЧ - 18» шағын ауданы.

№ 103 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай кенті, № 3 орта мектеп.
      Шекарасы: «Астана» шағын ауданы; «Геофизика» шағын ауданы; «Ш.Ыбырайымұлы» шағын ауданы; № 2 қазақ ауылы; Аэропорт ауылы.

№ 104 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай кенті, Қарақия кәсіптік лицейі ғимараты.
      Шекарасы: «Жаңақұрылыс» шағын ауданының № 1 - 111, 154 - 194 үйлері, «Асар» жұмысшылар қалашығы.

№ 105 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай кенті, Саз мектебі.
      Шекарасы: «Мұнайшы - 1» шағын ауданы; «Мұнайшы - 2» шағын ауданы; «Жаңақұрылыс» шағын ауданының № 195 - 196 үйлері; Төлендиев көшесі; «Ұлутас» шағын ауданы; «Т.Аубакіров» шағын ауданы, «Тасболат», «Хазар» жұмысшылар қалашығы.

№ 106 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай кенті, мәдениет үйі.
      Шекарасы: «Жаңақұрылыс» шағын ауданының: № 112 - 153 үйлер; «Қ.Күржіманұлы» шағын ауданы; «М.Өскімбаев» шағын ауданы.

№ 107 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай кенті, №8 орта мектеп.
      Шекарасы: «Ж.Мыңбаев» шағын ауданы; «Қалманбетұлы» шағын ауданы; «Т.Әлиев» шағын ауданы «С.Жанғабылұлы» шағын ауданы: «Жаңақұрылыс» шағын ауданының № 197 - 244 үйлері; № 2, № 6, № 10 жатақханалар.

№ 108 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек селосы, мәдениет үйі.
      Шекарасы: Сенек селосы; «Сенек» ЖШС территориялары, № 1, № 2 фермаларды қоспағанда.

№ 109 сайлау учаскесі

      Орталығы: Аққұдық селосы, Аққұдық орталау мектебі.
      Шекарасы: Аққұдық селосы; «Сенек» ЖШС – нің № 1, № 2 фермаларының территориялары.

№ 110 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бостан селосы, мәдениет үйі.
      Шекарасы: Бостан селосы; бұрынғы «Қарақұдұқ» ӨК территориялары.

№ 111 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кұланды селосы, Кұланды орта мектебі.
      Шекарасы: Қ.Күржіманұлы көшесі; С.Бегендікұлы көшесі; М.Өскімбайұлы көшесі; Е.Айшуақұлы көшесі; А.Төлеуұлы көшесі; О.Тұрмағанбетұлы көшесі; Т.Балтабасұлы көшесі; С.Жанғабылұлы көшесі; бұрынғы «Кұланды» ЖШС территориялары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады