2011 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 108 Қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 05 шілдеде № 11-4-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 54 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде (жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі бекітілсін.
      3. Қарақия ауданының әкімдігінің 18.03.2011 жылғы № 62 «2011 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Төлешовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             Ә.Дауылбае

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      ММ - нің бастығы
      Ә.Әбдіхалықова
      06 маусым 2011 жыл

      «Қарақия аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      ММ - нің бастығының
      міндетін атқарушы
      М.Б.Балықбаева
      06 маусым 2011 жыл

Қарақия ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 10 маусымдағы
№ 108 қаулысына қосымша

2011 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе
құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атаулары

Халықтың нысаналы топтары бойынша бекітіл-ген барлық
жұмыс орындары

Қазақ-стан Респу-блика-сының
Қарулы күште-рі
қата-
рынан боса-
ған адам-
дар

Жал-
ғыз-
ілік-ті,
көп бала-лы ата-
ана-
лар

Табы-сы аз адам-
дар

Бірде бір
жұмыс жаса-май-
тын отба-сы

Мүге-дек-
тер

Бас бос-
тан-
дыы-
нан айыру неме-се
мәж-
бүр-
леп емдеу орын-дары-нан боса-тыл-
ған адам-дар

Орал-ман-
дар

Қазақ-стан Респу-блика-сының Заңдарын-да белгі-ленген тәр-
тіппен асы-
рауын-да
тұрақ-ты
күтім-ді,
көмек-ті немесе қада-
ғалау-ды
қажет етеді деп таныл-ған адам-
дары бар аза-
маттар

зей-
нет-
кер-
лік жас ал-
дын-
дағы адам-дар

23 жас-қа дей-інгі тұл-дыр же-
тім ба-
ла-
лар

Қайта құ-рылу-ға
және жұ-
мысшы санын
қыс-
қар-
туға
ұшы-
ра-
ған меке-ме-
лер мен кә-
сіп-
орын-
дар-
дан боса-
тыл-
ған аза-
мат-
тар

29 жас-қа дей-інгі жас-тар

1

МКК "Тұрмыс -Сервис"

20

0

5

7

0

1

1

2

0

1

1

0

2

2

МКК "Мұнайшы -Сервис"

50

0

15

23

0

2

2

2

0

2

1

0

3

3

ЖШС "Сенек"

30

0

5

17

0

1

1

2

0

1

1

0

2


Барлығы

100

0

25

47

0

4

4

6

0

4

3

0

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады