Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде (жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.
2. 2011 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қылаңовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Боқанов
КЕЛІСІЛДІ:
«Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қаимова Сәнімгүл Нақыпқызы
15 маусым 2011 жыл
«Маңғыстау аудандық экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Шабикова Рима Нерражимқызы
15 маусым 2011 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 139 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі
қ/с |
Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атаулары |
Әлеуметтік жұмыс орны(адам) |
Жұмыс түрлері, көлемі және мерзімі |
Қаржыландыру көздері мен еңбекақы мөлшері |
||
Жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде (теңге) |
Жұмыс берушінің қаржысынан |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
«Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
45 |
келісімге сай |
15 999 |
келісімге сай |
|
2 |
«Шеркала» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
25 |
келісімге сай |
15 999 |
келісімге сай |
|
Жинағы: | 70 |
---|