Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы әкімдігінің 2012.07.02 № 08-07/2437 хатымен.
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) медицина мамандары мен техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөлсін;
2) алыс жерлерде тұратын азаматтарды облыстық шақыру және медициналық комиссиялардан өту үшін жеткізуді және оларды облыстық жиналатын пунктке жіберуді қамтамасыз етсін;
3) шақыру пункттерін жабдықтап, оларды дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
4) шақыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстарды, оның ішінде шақырушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, әскерге жіберу үшін облыстық жиналатын пунктке жеткізу жөніндегі шығыстарды қарастырылған қаржыландыру шегінде аудандық және қалалық бюджеттер есебінен жүргізсін, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын;
5) шақыру учаскелерінде және облыстық жиналатын пунктте жұмыс істеуге жіберілген шақыру комиссияларының мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмыскерлердің, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың осы міндеттерді орындаған уақытында жұмыс орны, атқарған лауазымы және жалақысы сақталатыны назарға алынсын.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияларды дәрігер мамандарымен, медициналық құрал-саймандармен және мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкамен және химиялық реактивтердің қажетті санымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі шақырушыларды облыстық жиналатын пункттен Қостанай қаласының теміржол вокзалына жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Қостанай жол бөлімшесі филиалына (келісім бойынша) "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша шақырушыларды әскери қызметі өтетін орнына жөнелту үшін жолаушылар поезынан қажетті орын санын бөлу ұсынылсын.
6. "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес облыстық жиналатын пунктте азық-түлік тауарларын сату және ыстық тамақ беруді ұйымдастыру ұсынылсын.
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
1) өзінің құзыреті шегінде әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыру;
2) облыстық жиналатын пунктте және темір жол вокзалында шақырушыларды әскери бөлімшелерге жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Орындалған жұмыс туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына 2011 жылғы 15 шілдеге және 2012 жылғы 15 қаңтарға ұсынылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Қостанай облысының әкімі С. Кулагин
Әкімдіктің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 118 қаулысымен бекітілген
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Негізгі құрам:
Шоқпаров Марат |
- |
"Қостанай облысының қорғаныс істері |
Бисимбаев Жаңабай |
- |
"Қостанай облысы әкімінің аппараты" |
Комиссия мүшелері:
Дүйсенов Сәлім |
- |
"Қостанай облысының қорғаныс істері |
Жұмабаев Саин |
- |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер |
Маевская Татьяна |
- |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық |
Резервтік құрам:
Травин Игорь |
- |
"Қостанай облысының қорғаныс істері |
Шрамко Сергей |
- |
"Қостанай облысы әкімдігінің |
Комиссия мүшелері:
Бауэр Эммануил |
- |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық |
Брызгалова Надежда |
- |
"Қостанай облысының қорғаныс істері |
Тұрыбаев Мұрат |
- |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер |