Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 451 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 3789 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы
      мемлекеттік мекемесінің бастығы"
      __________ Қ. Төлеубаев
 

Мәслихаттың       
2011 жылғы 8 желтоқсандағы 
№ 451 шешімімен бекітілген 

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2012 жылға арналған төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем
бірлігі

Төлемақы
ставкалары
(теңге)

1.

Тұрғын үй-пайдалану және
коммуналдық қызметтер

1000 текше
метр

80,78

2.

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын
қоса

1000 текше
метр

230,43

3.

Ауыл шаруашылығы

1000 текше
метр

63,57

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге
асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше
метр

63,57

5.

Су көздерінде балық аулайтын
балық шаруашылығы, тұтынушылар

1 тонна

164,21

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады