"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде ШЕШТІМ:
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан наурызға дейін "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін.
Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай облысы
әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____ О. Бекмағамбетов
"Қостанай қаласының
қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________ Ө. Өтебасов