2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 120 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 ақпанда № 9-2-178 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 "Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Рудный қаласы аумағында 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

      КЕЛІСІЛДІ

      Рудный қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _________ А. Тарасевич

Рудный қаласы әкімдігінің 
2011 жылғы 18 ақпандағы  
№ 120 қаулысына қосымша  

2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы
Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде үміткерлер
үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар

      1.Стендтер мен қысқа бағаналар:
      1) Рудный қаласы:
      50 лет Октября көшесі, "Универсам" дүкені ауданы;
      Ленин көшесі:
      "Мұражай" аялдамасы, "Дос Бол" дүкені ауданы;
      "Строитель" стадионы" аялдамасы;
      Комсомол даңғылы, "Форум" сауда үйі ауданы;
      Мир көшесі, "Вояж" дүкені ауданы;
      2) Қашар поселкесі:
      Рудный қаласы әкімдігінің "Күн" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратында;
      2 шағынаудан, № 72 үйде;
      2 шағынаудан, № 84 үйде.
      2. Тасымалданатын қалқандарда:
      1) Горняцк поселкесі, "Горняцк поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында;
      2) Перцев ауылы, "Перцев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады