Әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 117 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 наурызда № 9-2-179 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 06.02.2014 № 199 қаулысымен (ресми алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-159, 2010 жылғы 28 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Рудный қаласында, Перцев, Горняцк кенттерінде, Железорудная стансасында тұратын, тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автомобиль көлігімен тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі көрсетілсін.";
      2-тармақта:
      1) тармақшада "тегін көліктік тасымалдау қызметі бойынша" сөздері "тегін көліктік қызмет түрінде" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тегін көліктік қызмет мүгедектерге жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, Рудный қаласы, Перцев, Горняцк кенттері, Железорудная стансасы аумағы шегінде мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автокөлікпен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылымдарға бару үшін көрсетіледі".
      3) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау қызметін ұйымдастыру бойынша" сөздері "мүгедектерге тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша" сөздерімен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау бойынша қызметтерді" сөздері "мүгедектерге көліктік қызмет" сөздерімен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау бойынша қызмет" сөздері "мүгедектерге көліктік қызмет" сөздерімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1. Мүгедектерге көліктік қызмет үшін төлеу мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес қала бюджеті қаражатынан жүргізілсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады