Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 мамырда № 9-2-159 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 06.02.2014 № 199 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласында, Перцев, Горняцк кенттерінде, Железорудная стансасында тұратын, тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автомобиль көлігімен тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011.02.04 № 117 (алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2. Мыналар анықталсын:
      1) тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға (бұдан әрі-мүгедектер), сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға көрсетіледі;
      2) тегін көліктік қызмет мүгедектерге жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, Рудный қаласы, Перцев, Горняцк кенттері, Железорудная стансасы аумағы шегінде мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автокөлікпен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылымдарға бару үшін көрсетіледі;
      3) мүгедектерге тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша уәкілетті орган "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады;
      4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектерге көліктік қызмет сатып алуды жүргізеді;
      5) уәкілетті орган және мүгедектерге көліктік қызмет көрсететін тұлға арасындағы қарым-қатынас мемлекеттік сатып алу туралы шартпен ресімделеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011.02.04 № 117 (алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      2-1. Мүгедектерге көліктік қызмет үшін төлеу мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес қала бюджеті қаражатынан жүргізілсін.
      Ескерту. Қаулы 2-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011.02.04 № 117 (алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады