"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде ШЕШТІМ:
1. Тізімге алу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тізімге алу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тізімге алу бойынша іс-шараны өткізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Рудный қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________ Ғ. Шалтықов