Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары тізбесі бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты атқарылған жұмыстар үшін қала бюджетінің қаржысынан жүргізілсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық қалалық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады;
2) екінші деңгейдегі банкінің еңбек ақыны есепке қою және төлеу жөніндегі қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары жұмысберушілердің есеп шоттарына қалалық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды орындауға жасалған шартта көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізілсін.
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тізбеде белгіленген ұйымдар еңбек ақы төлеген және қызмет көрсеткен кезде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін есепке алсын.
6. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласының әкімі Т. Төлеубаев
Әкімдіктің
2011 жылғы 7 ақпандағы
№ 53 қаулысымен бекітілген
2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың
еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары тізбесі.
№ |
Ұйымдардың атауы |
Қоғамдық жұмыстардың |
Қоғамдық |
1 |
Қостанай облысы |
1) су өткізу |
10048 10352 1984 2808 672 7640 |
2 |
Қостанай облысы |
аумақты тазарту. |
8160 |
3 |
Қостанай облысы |
1) Қайырбеков 48, 52, |
17272 48000 |
4 |
Қостанай облысы |
аумақты тазарту. |
2016 |
5 |
Қостанай облысы |
аумақты тазарту. |
2448 |
6 |
Қостанай облысы |
мұз айдынын, жасанды |
2928 |
7 |
Қостанай облысы |
1) аялдамаларды, |
11400 55776 12192 3360 1344 1016 1344 672 2032 328 656 168 328 336 1008 1680 664 664 1328 336 672 3984 |
кестенің жалғасы:
Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары |
Еңбек ақы |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 |
Ең төменгі |